ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Ескелді ауылдық округінде, Лермонтов атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың наурыз айында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында пікірсайыс турнирі форматында танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Пікірсайысқа мектептің дебат клубының мүшелері қатысып, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, пікір алмасу барысында жоғары белсенділік танытты.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға және құқықтық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізді.