
Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Русецкая Ксения Викторовна «Жылдың үздік мұғалімі – 2026» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, «Смарт ұстаз» номинациясын иеленді.
Осы жетістігіңізбен Сізді шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Бұл жетістік – Сіздің кәсіби шеберлігіңіздің, жаңашылдығыңыздың, білім беру саласындағы жоғары біліктілігіңіздің және шығармашылық ізденісіңіздің айқын дәлелі.
Сізге зор денсаулық, толағай табыс, жаңа жетістіктер және шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруын тілейміз!