
Ескелді ауылдық округіндегі Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға «SIM Kids» балаларға арналған SIM-картасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – зиянды және қауіпті контенттің алдын алу, балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылау, олардың орналасқан жерін анықтап, әрдайым байланыста болу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ балалар арасында цифрлық гигиена мен гаджеттерді саналы пайдалану мәдениетін қалыптастыру.