Ескелді ауылдық округінің оқушылары облыстық «Zhylandy Open» математикалық турнирінде жүлделі орын иеленді

Ескелді ауылдық округінің оқушылары облыстық «Zhylandy Open» математикалық турнирінде жүлделі орын иеленді

2026 жылдың 27 наурыз күні жалпы орта білім беретін мектептердің 5–6 және 7–8 сынып оқушыларына арналған облыстық «Zhylandy Open» математикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Аталған жарысқа Қаратал ауданының 5–6 сынып оқушылары Қарқын Алғыр, Русланұлы Мағжан, Мұрат Айбын және мектебіміздің 5а сынып оқушысы Мұхтарқызы Бұлғын қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Ермұханбетов М.М.

Оқушыларымыз командалық есепте III дәрежелі дипломмен марапатталып, дарынды балаларға арналған «Жыланды» мамандандырылған лицей-интернатына түсу грантын жеңіп алды.

Жас математиктерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! 👏📚