
☘️☘️☘️«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, ағымдағы жылдың 01 сәуірі күні округте «Таза сәрсенбілік» ұйымдасқан түрде өтті. Сәрсенбілік барысында көше бойын тазалау, аумақтарды ретке келтіру, сондай-ақ округ бойынша ағаштарды әктеу жұмыстары қарқынды жүргізілді.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.