Ескелді ауылдық округінде жаппай сенбілік өткізілді

Ескелді ауылдық округінде жаппай сенбілік өткізілді

2026 жылдың 20 наурызында Ескелді ауылдық округінде жаппай сенбілік шарасы өткізілді.

Сенбілік барысында «Ескелді би» кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аумақ қоқыстан тазартылып, айналасы абаттандырылды, ағаш түптері әктеліп, ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Аталған іс-шараға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және еріктілер белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағында тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады.