Ескелді ауылдық округінде Жаңару күніне орай ағаш отырғызылды

Ескелді ауылдық округінде Жаңару күніне орай ағаш отырғызылды

Наурызнамаға сәйкес 19 наурыз – Жаңару күніне орай Ескелді ауылдық округінде көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымдары мен оқушылар, сондай-ақ жастар белсенді қатысып, елді мекендерді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Аталған жұмыстар қоршаған ортаны жақсартуға, табиғатты қорғауға және ауылдың көркін арттыруға бағытталған.