
Ескелді ауылдық округінің елді мекендерінде санитарлық тазарту айлығы аясында 19-сәуір күні сенбілік шарасы өтті. Сенбілікке мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қоғамдық жұмысшалар бір кісідей атсалысып, бөлінген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбіліктер- түрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсереін беруде.