Ескелді ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті: даму және абаттандыру мәселелері талқыланды

Ескелді ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті: даму және абаттандыру мәселелері талқыланды

12 наурыз күні Ескелді ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Саулет Усенұлы, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ілияс Саяқбаев және ауылдық округ әкімі Т.Ж. Балшенов қатысты.

Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алу, малды жайылымға шығару, елді мекендердегі бақшаларды суару үшін арықтарды санитарлық тазалау, сондай-ақ шаруа қожалықтарының КУОС ұйымымен суармалы су алу бойынша келісімшарттар жасау мәселелері талқыланды.

Көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.