
Ескелді ауылдық округінің Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жаңару кезеңіндегі қауіпсіздік» тақырыбында алдын алу сабақтарын ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушыларға көктемгі жаңару кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Алдын алу сабақтары барысында оқушылармен көктем мезгілінде жиі кездесетін қауіп-қатерлер қарастырылды:
• су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
• мұздың жұқару қаупі және су айдындары маңындағы тәртіп;
• жол қозғалысы қауіпсіздігі;
• табиғат аясында демалыс кезіндегі қауіпсіздік;
• өрт қауіпсіздігі ережелері.
Сонымен қатар оқушыларға төтенше жағдай туындаған кезде хабарласатын қызмет нөмірлері (101 — өрт сөндіру қызметі, 102 — полиция, 103 — жедел жәрдем, 112 — бірыңғай құтқару қызметі) туралы ақпарат берілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өз өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екені түсіндірілді.