
Ескелді ауылдық округінде: аудандық дебат турниріндегі жеңіс
Қаратал аудандық білім бөлімі қолдауымен өткен аудандық дебат турниріне Ескелді ауылдық округінің 8–11 сынып оқушылары — Ким Карина, Нурдинов Мурадыл және Нурдинов Мундаш қатысты.
Қатысушылар үкімет және оппозиция тарапында сөз сөйлеп, ұсынылған қарарлар бойынша өз ұстанымдарын сенімді түрде қорғап, нақты дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың уәждеріне лайықты жауап бере білді.
Пікірсайыс халықаралық World Schools Debating Championships формат ережелері бойынша өткізілді.
Турнир қорытындысы бойынша «Не оспоримые» командасы І орынды иеленіп, Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебі жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз! 🎉