
Ескелді ауылдық округінің бас маманы Дуз-оглы Д.М. ветеринариялық инспекторы Құдайбергенов М.К.-мен бірлесіп, төл алу науқанының (қоздату кезеңінің) барысын бақылау мақсатында шаруашылықтарды аралап шықты.
Аралау барысында малды ұстау жағдайы, жаңа туған төлдің күйі және ветеринариялық талаптардың сақталуы тексерілді.
Қазіргі уақытта төл алу науқаны қалыпты режимде өтуде және тұрақты бақылауда.