
Ескелді ауылдық округінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қошқарбаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мамандарымен ақпараттық кездесуге қатысты.
Кездесудің мақсаты – округ түлектеріне жоғары білім алуға берілетін мүмкіндіктерді таныстыру, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және мемлекеттік қолдау тетіктері туралы жан-жақты мәлімет ұсыну.
Іс-шара барысында «Серпін» бағдарламасының шарттары, грант негізінде оқуға түсу мүмкіндіктері, шәкіртақы тағайындау тәртібі, жатақханамен қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейінгі жұмысқа орналасу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды.