Ескелді ауылдық округінің оқушысы — республикалық кезеңнің жүлдегері

Ескелді ауылдық округінің оқушысы — республикалық кезеңнің жүлдегері

2026 жылғы 16–21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Р. Қошқарбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ким Карина жүлделі ІІ орынды иеленді! 🏆

Ғылыми жетекшісі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жунусова Гаухар Саякбаевна.

Бұл – тынымсыз еңбектің, терең ізденістің және ғылыми зерттеуге деген шынайы қызығушылықтың жарқын нәтижесі. Каринаның жетістігі – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш әрі ұстазының кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

Жас зерттеушіге ғылым жолында жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз! 🌟
Жеңіс құтты болсын! 👏