
🇰🇿✨ Әр жұма – Ұлттық киім күні! ✨🇰🇿
Ескелді ауылдық округіндегі мектепте әр жұма күні ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналған ерекше күн болып өтеді. Оқушылар мен ұстаздар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ата-бабамыздың бай мұрасына құрмет көрсетеді.
Ұлттық киім – тарихымыздың, мәдениетіміздің және рухани құндылықтарымыздың көрінісі. Осындай игі бастама арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім, салт-дәстүрге құрмет және елге деген мақтаныш қалыптасады.