Ескелді ауылдық округінде төтенше жағдайлар бойынша түсіндіру сабақтары өтті

Ескелді ауылдық округінде төтенше жағдайлар бойынша түсіндіру сабақтары өтті

Ескелді ауылдық округіндегі Р. Қошқарбаев атындағы орта мектепте оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу және жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында төтенше жағдайлар бойынша түсіндіру сабақтары өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер жөнінде барлық сұрақтар жан-жақты түсіндірілді.