
Кездесу барысында Орталық мамандары қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, мобильді топтың мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ отбасыларды сүйемелдеу алгоритмі түсіндірілді.