Ескелді ауылдық округі бойынша әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде

Ескелді ауылдық округі бойынша әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде

Әскери комиссариатпен бірлескен жұмыс аясында әскерге шақыру жасындағы азаматтар округ әкімшілігіне шақырылып, танысу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында олардың қайда оқитыны, жұмыс істейтіні және қазіргі таңда немен айналысатыны нақтыланды. Сонымен қатар, шақырту қағаздары табысталып, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңыздылығы мен әскери қызмет өткеру тәртібі түсіндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.