Ескелді ауылдық округінде Жолбарыс батырдың 355 жылдығына орай ақпараттық сағат өтті

Ескелді ауылдық округінде Жолбарыс батырдың 355 жылдығына орай ақпараттық сағат өтті

Ескелді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жолбарыс батыр Жылқайдарұлының туғанына 355 жыл толуына орай «Батырлар – Отанымыздың қорғаны» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараға Лермонтов атындағы орта мектебінің оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында кітапханашы Жолбарыс батырдың өмірбаяны туралы баяндама жасап өтті. Баяндамада батырдың XVII–XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлігі, ел қорғаудағы рөлі, халық жадындағы орны туралы айтып өтті. Жолбарыс батырдың өмірбаяны мен жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ерлігіне арналған «Батыр туса – ел ырысы» атты
слайд көрсетіліп, «Ел қорғаны – Жолбарыс батыр» атты кітап көрмесі қойылып, көрмеге кітапханашы шолу жасап өтті.