
Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Қаратал ауданының Қаблиса жырау атындағы Мәдениет үйінде көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Есіңе мені алғайсың» атты аудандық ән байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Ескелді ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері жеңімпаз атанып, оларға дипломдар табысталды.