
«Заң мен тәртіп» айлығы аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі балалардың қаржылық сауаттылығын қызықты ойын форматы арқылы арттыруға, сондай-ақ оларды қаржылық алаяқтықтан қорғауға үйретуге бағытталған «Qarjy saqshysy» I Республикалық интерактивті ойынын ұйымдастырды.
Ойын қорытындысы бойынша Жетісу облысы Қаратал ауданы Ескелді би ауылдық округі, М. Лермонтов атындағы орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Еренғайып Аяла жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды