
Ескелді ауылдық кітапханасында қазақ күй өнерінің көрнекті тұлғасы Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай мектеп оқушыларына арналған «Қазақтың күйші қызы – Дина» атты тұлғатану сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, қасиетті домбыра мен күй өнерінің құдіреті арқылы ұлттық рух пен ата-баба мұрасы насихатталды. Сонымен қатар, Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ күй өнерінің дара тұлғасы» атты деректі фильм көрсетілді.