Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында арнайы қабылдады.

Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелері – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында арнайы қабылдады.

 Қабылдау барысында ол аудан өмірінің өзекті жаңалықтарын халыққа дер кезінде, шынайы әрі сапалы жеткізіп жүрген тілшілер қауымының еңбегіне жоғары баға беріп, олардың кәсіби шеберліктері мен азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттап, ел мен жердің тыныс-тіршілігін көпшілікке жеткізуде белсенділік танытқан бірқатар журналистер мен редакция қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат – олардың ақпараттық кеңістікті дамытуға қосқан елеулі үлесінің нақты көрінісі.
Кездесу барысында журналистер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен таныстырды. Олар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір ретінде өз міндеттерін абыроймен атқара беретіндерін атап өтті.