БІЗ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ!

БІЗ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ!

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қаратал ауданында кең ауқымды акция өтті!
🔹 Үштөбе қаласында өткен бұл іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.
🔸 Шараға аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдары, өнерпаздар мен белсенді жастар қатысты.
🔹Бағдарлама аясында өткен шаралар:
🔻Балалар асфальтқа сурет салып, өздерінің есірткіге қарсы ұстанымын бейнеледі.
🔻Өнер байқаулары мен көрмелер ұйымдастырылып, жастар шығармашылығы дәріптелді.
🔻Дойбы турнирі өтіп, оқушылар мен жастар арасында интеллектуалдық ойын насихатталды.
🔻Мерекелік концерт, флешмобтар мен арнайы көрсетілімдер көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
🔻Спорттық жарыстар арқылы белсенді өмір салтының маңызы паш етілді.
🔹Бұл акция – жастарды дені сау болашаққа бастайтын маңызды қадам!
🔹Болашағымыз – жарқын, есірткісіз өмірмен бірге!