Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік рәміздердің — Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның маңыздылығын талқылап, олардың жасалу тарихын еске алды. Кездесу соңында қатысушылар елге деген мақтаныш сезіммен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, отансүйгіштік пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің маңыздылығын атап өтті.