Бұл жадынама, ең алдымен, келесі азаматтарға арналған:
парақорлықты арсыз әрі ұятты қылмыс деп санайтындарға;
алаяқтар мен заң бұзушылардың сыбайласы болғысы келмейтіндерге;
жеке басының сәттік мүддесін қоғам игілігі жолында құрбан етуге дайын жандарға;
елінің болашағын жемқорлықтан таза ел ретінде көргісі келетіндерге.
Коррупция – бұл жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген және лауазымды тұлғалардың өз қызметтік өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдал арқылы өзіне немесе басқа адамдарға мүліктік (не мүліктік емес) пайда мен артықшылық алу мақсатында заңсыз пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғаларды осы игіліктер мен артықшылықтарды ұсыну арқылы сатып алу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл коррупция белгілері бар, заңмен әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Егер сізге пара ұсынылса немесе сізден пара талап етілсе, бұл туралы біліп жүріңіз!
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде параға байланысты екі қылмыс түрі қарастырылған:
Пара алу (366-бап);
Пара беру (367-бап).
Бұл – бір қылмыстың екі жағы. Пара туралы айтылған жағдайда – біреу оны береді (пара беруші), екіншісі – алады (пара алушы).
Пара алу – аса қауіпті лауазымдық қылмыс. Әсіресе, бұл қылмыс бірнеше адаммен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған жағдайда немесе параны қорқытып алу түрінде жасалса. Мұндай қорқытып алу заңды немесе заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) үшін артықшылықтар алу ниетімен жүзеге асады.
Пара беру – бұл лауазымды тұлғаны заңды немесе заңсыз әрекеттерге (әрекетсіздікке) итермелеуге бағытталған қылмыс, оның ішінде жалпы қамқорлық көрсетуі немесе қызметтік жағдайын асыра пайдалануы үшін.
Пара ретінде келесілер болуы мүмкін:
Заттай құндылықтар – ақша, оның ішінде валюта, банк чектері мен бағалы қағаздар, бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, азық-түлік, бейнежабдықтар, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және өзге де мүлік.
Қызметтер мен артықшылықтар – тегін немесе төмендетілген бағамен көрсетілетін емдеу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторий мен туристік жолдамалар, шетелге сапарлар, ойын-сауық және басқа да шығындарды өтеу.
Есіңізде болсын: парақорлық – елдің болашағына балта шабатын ауыр қылмыс.