Каратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "Өрт болған жағдайда не істеу керек?

Каратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "Өрт болған жағдайда не істеу керек?

5 негізгі ережені еске салады:

Өрт шыққан жағдайда міндетті түрде:

  1. Өрт туралы бірден 101 (ұялы телефоннан – 101 немесе 112) нөміріне хабарлап, нысанның мекенжайын, өрттің шыққан орнын және өз фамилияңызды айту қажет.

  2. Көршілес бөлмелерде жүрген адамдарды өрт туралы ескертіңіз. Жақын маңдағы өрт туралы хабарлағышты іске қосыңыз (бар болса).

  3. Терезелер мен форткаларды жауып, түймелеп қойыңыз.

  4. Электр құралдарын ток көзінен ажыратып, жарықты сөндіріңіз.

  5. Эвакуация жоспарына сәйкес бөлмеден шығыңыз. Есіктерді жапқанмен, құлыптамаңыз.

  6. Егер бөлмеден шығу мүмкін болмаса — есікті жауып, қолда бар материалдармен саңылауларын бекітіп, терезе алдында тұрып, дауыс пен қимыл арқылы құтқарушылардың назарын аударыңыз.

Есіңізде болсын: өрт кезінде ең бастысы — үрейге бой алдырмау.