J-LEAGUE- СЕНІҢ СПОРТТЫҚ СЕРІГІҢ!
Алғаш рет Жетісу облысында 19 сәуірден бастап әр сенбі-жексенбі күндері әр аудан және қаланың орталықтарында волейбол, баскетбол, футбол спорт түрлерінен 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында J-LEAGUE жобасы бастау алды.
Қаратал ауданында да бұл игі бастама өз жалғасын тауып, 18 мамыр күні әр ойын бойынша үздік шыққан 3 команда облыстық кезеңге жолдама алды.
Облыс көлемінде аудан намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тілейміз!