Жеңіс күніне орай Жетісу ардагерлеріне 296 млн теңге төлем беріледі

Жеңіс күніне орай Жетісу ардагерлеріне 296 млн теңге төлем беріледі

 

Жетісу облысында биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясында 2034 азаматқа жалпы сомасы 296 млн. теңге болатын бір реттік материалдық көмек беріледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, бүгінгі күні өңірде 1 соғыс ардагері бар. Ол - Құсайынов Ысқақ Әбілпейісұлы. Оған 5 млн. теңге көлемінде төлем беріледі.

Сол сияқты "Ардагерлер туралы" Заңға сәйкес басқа да 8 санаттағы ардагерлерге 112,4 мың теңгеден 216,2 мың теңгеге дейінгі сомада бір реттік материалдық көмек беріледі.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.