Қаражиде ауылында Абай Құнанбаев ескерткішіне тазалау және әктеу жұмыстары жүргізілді

Қаражиде ауылында Абай Құнанбаев ескерткішіне тазалау және әктеу жұмыстары жүргізілді

Қаражиде ауылында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішіне тазалау және әктеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар ескерткіштің сыртқы келбетін жаңарту, тарихи-мәдени нысандарды сақтау және ауыл аумағын абаттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде ескерткіштің айналасы тазартылып, келбеті жаңартылды. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары мен жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеуге оң ықпалын тигізеді.

Алдағы уақытта да ауыл аумағындағы мәдени мұра нысандарын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.