Қаражиде ауылында ақсақалдар алқасының жиналысы өтті

Қаражиде ауылында ақсақалдар алқасының жиналысы өтті

2026 жылдың 28 сәуір күні Қаражиде ауылы әкімшілігінде ақсақалдар алқасының кезекті жиналысы өтті. Жиынға ауыл ақсақалдары, жергілікті қоғам өкілдері және тиісті мекеме қызметкерлері қатысты.

Жиналыс барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық тәртіп, тазалық пен абаттандыру мәселелері, мал жайылымы мен бақташы қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ жастар тәрбиесі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағыттары талқыланды.

Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ауыл өмірін жақсартуға бағытталған бірқатар нақты мәселелерді көтерді. Әсіресе, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын нығайту, ортақ жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу туралы шешімдер қабылданды.