
Елтай ауылдық округінің талантты жастары тағы да жоғары нәтижемен қуантты. Облыстық би байқауына қатысқан Жақсылық Мадина Сәбитқызы 22 қатысушының арасынан оза шығып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бұл — үлкен жетістік пен табанды еңбектің нәтижесі. Жас өнерпаздың шеберлігі мен таланты қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Осы орайда, шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген жетекшісі Имангазиева Салтанат Айдархановнаға алғысымызды білдіреміз.
Жеңімпазымызға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!