Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аналарға құрмет»

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аналарға құрмет»

2026 жылғы 7 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қарсаңында Елтай ауылдық округінің әкімі Ә. Қазбекұлы ауылдағы ардақты аналар мен қарт тұрғындарды арнайы құттықтады. Кездесу барысында округ әкімі көпжылдық еңбегімен ауылдың дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа өнеге болып жүрген қарияларға алғысын білдіріп, мерекелік тілегін жеткізді. Сонымен қатар, ақ жаулықты аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбастарына амандық тіледі.