Округ әкімі ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді

Округ әкімі ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді

2026 жылдың 25 ақпан күні округ әкімі Ә.Забиев ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, көше жарықтандыру, ауыз су сапасы, жер мәселесі және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тәртібі жөнінде сұрақтар көтерілді. Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кейбір мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімдері белгіленді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бақылауға алынып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болды. Қабылдау барысында округ әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, халықпен тығыз байланыс орнату және ашықтық қағидатын сақтау – жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты бағыты екені айтылды.