
2026 жылдың 13 ақпанында Елтай ауылдық округінің әкімшілігінде Өтеген батыр мешітінің имамы Мақсат Жақсыбекұлының ұйымдастырылуымен «Батагөй бата» атты тағылымы мол рухани іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, соның ішінде бата беру дәстүрін насихаттау, жас ұрпаққа өнеге ету және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын дәріптеу болды. Іс-шараға ауылдың көптеген ақсақалдары қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор баталарын берді. Қатысушылар арасында бата беруден сайыс ұйымдастырылып, үміткерлердің сөз саптауы, мазмұндылығы және дәстүрге сай орындалуы бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Кеш барысында ұлттық құндылықтар дәріптеліп, жастарға рухани бағыт-бағдар берілді.