«Денсаулық пен нашақорлық – денсаулық дұшпаны» атты профилактикалық шара өтті

«Денсаулық пен нашақорлық – денсаулық дұшпаны» атты профилактикалық шара өтті

2026 жылғы 16 ақпан күні мектеп оқушылары арасында «Денсаулық пен нашақорлық – денсаулық дұшпаны» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру және нашақорлықтың алдын алу болды.

Іс-шара барысында оқушыларға есірткі заттарының ағзаға, психикаға және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, зиянды әрекеттерден аулақ болудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Танымдық бейнероликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында жасөспірімдерге денсаулықтың адам өміріндегі басты құндылық екені атап өтіліп, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және пайдалы әдеттерді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Мұндай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.