Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды

Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды

Ауылымызда қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету мақсатында еріктілердің қатысуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара аясында ауыл жастары мен мектеп оқушылары бірлесіп, жалғыз басты әженің үйіне барып, ауласындағы қарды күреу жұмыстарын жүргізді. переведи на русски Қыс мезгілінде қар тазалау егде жастағы азаматтар үшін қиындық туғызатыны белгілі. Осыған орай, ерікті жастар әжеге қолғабыс жасап, ауласын толықтай қардан тазалап берді. Шара барысында ауыл жастары ұйымшылдық пен белсенділік танытып, үлкенге құрмет көрсетудің үлгісін көрсетті. Мұндай игі істер өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға зор ықпал етеді. Алдағы уақытта да әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету жұмыстары жалғасын табатын болады.