
2026 жылғы 30 қаңтар күні Жайдарман ойындарының 2026 жылғы маусымының ашылуы – республикалық «Маусымашар 2026» фестиваліне қатысатын оқушыларға арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға республикалық деңгейде өтетін фестивальдің маңыздылығы, өткізілу тәртібі, қатысу талаптары мен ережелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Жайдарман ойындарының тәрбиелік мәні, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі, сахна мәдениеті мен командалық жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Түсіндірме жұмыстары оқушылардың алдағы республикалық фестивальге дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.