
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген «2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес, «Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» ғимаратында «Құқық кабинеті» орнатылғанын хабарлаймыз.
«Құқық кабинетінде» интернет желісіне қосылған компьютер орнатылып, кез келген азаматтың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысуына мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар азаматтарға құқықтық ақпарат алу үшін мына ақпараттық платформалар мен ресурстар қолжетімді:
«Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесі — Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін толық жинақтайтын мемлекеттік база;
Adilet.zan.kz — Қазақстан Республикасының заңнамасының ашық құқықтық интернет-порталы;
eGov («Электрондық үкімет») порталы — электрондық мемлекеттік қызметтер мен құқықтық ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі;
Қазақстан Республикасы әділет органдарының ресми сайттары мен ақпараттық ресурстары — республикалық және жергілікті деңгейдегі нормативтік актілерді, түсіндірулерді көруге арналған.
«Құқық кабинетіне» жауапты маман — Нүрпәзіл Әліби Елтайұлы. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
📞 8 777 388 15 90
📞 8 728 34 29 198
Аталған «Құқық кабинеті» қазіргі таңда өз жұмысын жалғастыруда және азаматтарды құқықтық ақпаратпен қамтуға бағытталған.