Елтай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтті

Елтай ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтті

2026 жылғы 5 ақпан күні әкімшілік ғимаратында Елтай ауылдық округінің әкімі ауыл ақсақалдарымен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен жиын өткізді. Жиын барысында округ аумағындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Атап айтқанда, көктемдегі мал табыны, табыншы бекітіп келісімшарт жасасу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар ауыл аумағындағы санитарлық тазалықты күшейту, арық-каналдарды тазалау, сондай-ақ ескі мәдениет үйінің орнын тазалау қажеттілігі сөз болды, сондай-ақ округ аумағында салынып жатқан ғимараттардың құрылысын бақылау мәселелері күн тәртібіне енгізілді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, оларды алдағы уақытта кезең-кезеңімен іске асыру жолдары қарастырылды. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.