
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен қаралды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері» жөніндегі негізгі нормалар түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.