
Ағымдағы жылы Елтай орта мектебінде 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Экология және біз» атты экологиялық сағат өткізілді.
Шара барысында мектеп кітапханашысы оқушыларды табиғат туралы қысқаша таныстырып өтті. Оқушылар табиғатқа арналған өлеңдерін оқып, мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы өз білімдерін көрсетті.
Шараның мақсаты – табиғатты қорғауға баулу, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, табиғатты аялауға қабілетті, адамгершілігі мол, ізгілікті әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Іс-шараға 15 оқырман қатысты.