Елтай атындағы орта мектебінде оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Елтай атындағы орта мектебінде оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Елтай атындағы орта мектебінің АӘД пәнінің мұғалімі С. Касеновтің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23 қаңтар күні
«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.