"Құқық қорғау мәдениеті және жастар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

"Құқық қорғау мәдениеті және жастар" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Елтай ауылдық округі әкімдігінде "Құқық қорғау мәдениеті және жастар"
тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтарын қорғау және заң аясында әрекет ету мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге ауыл жастары қатысты. Шара барысында жастардың құқықтық білімін жетілдіру, олардың заң алдындағы жауапкершілігі, еңбек құқықтары, интернеттегі қауіпсіздік және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Ұйымдастырушылар жастардың құқықтарын қорғау бағытындағы заңнамалық өзгерістер, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, қатысушылар құқықтық мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойып, сарапшылардан кеңес алды.