Қаратал ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Құқықтық кабинет» ашылып, оның жұмысы туралы халыққа ақпараттандыру шаралары жүргізілді. Бүгінгі таңда құқықтық ақпарат бұрышы тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.
Аталған кабинетте әрбір азамат Қазақстан Республикасының заңнамаларын өз бетінше зерделеп, құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, тұрғындар мүліктік қатынастар, мұрагерлік істер, кәсіпкерлік қызмет, тұрғын үй құқықтары сияқты мәселелер бойынша құқықтық кеңес алып, бағыт-бағдар таба алады.
Құқықтық кабинетте азаматтар e-Otinish, Egov электронды үкімет порталы, сондай-ақ Ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер) платформасымен жұмыс істеу жолдарын меңгере алады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.