Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия өтті

Қаратал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның 2025 жылдың қаңтар-сәуір айында атқарылған жұмыстары туралы: 

2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 8 жоспарлы және 4 жоспардан тыс отырыс өткізілді, аудандық полиция бөлімінен түскен 6 іс-құжаттар қарастырылып, қаулы және хаттамалары шығарылды. Барлығы комиссияның шешімімен:

  • 1 ай сынақ мерзімге – 1;
  • 3 ай сынақ мерзімге – 1;
  • Айыппұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-1 бабы бойынша жауапқа тартылды – 1;
  • Алкогольдік тәуелділіктен мәжбүрлі емделу – 2;
  • Талдықорған қаласының балаларды бейімдеу орталығына жеткізілген балалар саны – 4;
  • Ата-ана құқығын шектеу бойынша сотқа жолданған – 1 іс-құжат;
  • «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологымен психологиялық қолдау көрсету - 2;

Бүгінгі күнге аудан бойынша 6 сәтсіз отбасы тіркелген, ондағы кәмелетке толмаған бала саны 12. Мобильдік топ тарапынан жүйелі түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде.