«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бастөбе ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторының қатысуымен рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында тұрғындарға тазалықты сақтау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау және қоршаған ортаны қорғау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардың тазалығы бақылауға алынып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және елді мекеннің тазалығын сақтау.