
«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында 1–11 сыныптарда «Табиғатты аяла – жауапты еңбектен басталады» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғау тек ұран емес, нақты іс пен еңбектен басталатынын ұғындыру болды.
Сонымен қатар сынып сағаттары барысында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, төтенше жағдайларда (өрт, жол-көлік оқиғалары, табиғи апаттар және т.б.) дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Оқушыларға өзін-өзі қорғау, айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігі түсіндіріліп, жолда, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін дамыту бағытында тәрбиелік жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ қауіпті жағдайларды алдын ала болжай білу және сақтық шараларын қолдану дағдыларын қалыптастыру көзделді.
Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.