Жаңаталап орта мектебінде эко бұрыш ашылды

Жаңаталап орта мектебінде эко бұрыш ашылды

Жетісу облысы, Қаратал ауданына қарасты Жаңаталап орта мектебінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру мақсатында эко бұрыш ашылды.
Эко бұрышта түрлі бөлме өсімдіктері мен  тірі табиғат өкілдері орналастырылған. Бұл бұрыш оқушылардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, табиғатты аялау, жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған бастама өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру бағытында маңызды қадам болып табылады.