Орман шаруашылығы инспекторлары Жаңаталап орта мектебінде өрт қауіпсіздігі тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Орман шаруашылығы инспекторлары Жаңаталап орта мектебінде өрт қауіпсіздігі тақырыбында танымдық дәріс өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және өрттің алдын алу бойынша білімдерін кеңейту болды.
Кездесу барысында мамандар орман және дала өрттерінің пайда болу себептері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, өрттің көп жағдайда адамдардың салғырттығынан туындайтыны, яғни сөндірілмеген от, тасталған темекі тұқылы, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болатыны айтылды. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңде орманда және табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелеріне ерекше назар аударылды.
Инспекторлар өрттің алдын алу шаралары, қауіпсіздік талаптарын сақтау жолдары туралы түсіндіріп, төтенше жағдай орын алған кезде дұрыс әрекет ету тәсілдерін көрсетті. Оқушыларға өз өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ айналасындағыларға көмектесу жолдары бойынша нақты кеңестер берілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын арттыруға үлкен үлес қосады